Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қарашада № 17766 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 2-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 30 маусымдағы № 414
бұйрығының
(Нормативтік құқықтық актілердің
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14079 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е. Е. Ерсаинов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
- осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 599 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- тарау. Жалпы ережелер
- Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27
шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
2-6) тармағына
сәйкес
әзірленді және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;
- өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға ( егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
- тапсырыс берушілер (конкурсты ұйымдастырушы) – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.
- тарау. Тізбені қалыптастыру тәртібі
- Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Тізбе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және:
- конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда шарт жасасудан жалтарған;
- олармен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
- біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген өнім берушілер ( әлеуетті өнім берушілер) туралы мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды беруші ( әлеуетті берушінің) тарапынан бұзушылық фактілерін білген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы сотқа жүгінеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) жосықсыз өнім беруші деп тану туралы күшіне енген сот шешімін алған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде оны Тізбеге қосады және интернет-ресурсқа орналастыру үшін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.
- Уәкілетті орган Тізбені алған күннен бастап оны бір жұмыс күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
- Уәкілетті орган, өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап оны 24 (жиырма төрт) ай мерзімге Тізбеге енгізеді.
- Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін өнім берушіні Тізбеден шығарады.
- Жосықсыз өнім беруші деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда, жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтері бар Тізбедегі жазбаны конкурсты ұйымдастырушы тиісті сот актісін алған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде алып тастайды.
- Тізбе өзгерген кезде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) үш жұмыс күн ішінде ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды,
сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларына қосымша
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында
тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021
№ 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім |
Өткізілген конкурс туралы мәліметтер |
|||||
беруші) туралы ақпарат |
||||||
ө н і м берушінің (әлеуетті ө н і м берушінің) орналасқан жері |
мемлекеттік орта білім беру |
|||||
ұйымдарында, мектептен |
||||||
тыс қосымша білім беру |
Ө н і м |
|||||
ұйымдарында білім |
берушіні ( |
|||||
а л у ш ы л а р д ы |
әлеуетті |
|||||
тамақтандыруды |
ө н і м |
|||||
ұйымдастыру бойынша |
берушіні) |
|||||
көрсетілетін қызметтердің, |
жосықсыз |
|||||
№ |
ө н і м берушінің (әлеуетті ө н і м берушінің ) атауы |
жеке сәйкестендiру н ө м i р і / бизнес-сәйкестендiру нөмiрi |
конкурс қорытындысын шығару күні |
тауарлардың, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, |
берушілер (әлеуетті ө н і м берушілер) тізбесіне қ о с у негіздемесі |
|
техникалық және кәсіптік, |
, с о т |
|||||
орта білімнен кейінгі білім |
шешімінің |
|||||
беру ұйымдарында |
күшіне |
|||||
тәрбиеленетін және білім |
енген күні |
|||||
алатын балаларды |
||||||
тамақтандыруды қамтамасыз |
||||||
етумен байланысты |
||||||
тауарлардың атауы |
||||||