Уақытша бос лауазымға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым  министрінің  2020 жылғы 21 ақпандағы      № 57 бұйрығының  3-тарауының  1-параграфының  95 бабына сай Хромтау қаласы ,  Әйтеке би даңғылы 57, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. орналасқан  Ақтөбе облысының білім басқармасы «Хромтау ауданының білім бөлімі» мекемесінің               «№5 Хромтау гимназиясы » Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді, еңбекке баулуды жүзеге асыратын  технология  пәні мұғалімі бойынша   уақытша бос  лауазымға  конкурс жариялайды.

Кандидатқа қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе жоғары педагогикалық  білімінің болуы; ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі (оқуды аяқтаған жас маман үшін), біліктілік санаты, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат, кәсіби жетістіктері көрсеткіші,курстық даярлығы, әдістемелік қызметі мен қоғамдық педагогикалық қызметнің нәтижелілігі.

Құжаттарды қабылдау  мерзімі: 01.02.2022ж   -  28.02.2022ж

Қажетті құжаттар тізбесі

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат ;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09