Уақытша бос лауазымға конкурс жариялау туралы
хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3-тарауының 1-параграфының 95 бабына сай Хромтау қаласы , Әйтеке би даңғылы 57, е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. орналасқан Ақтөбе облысының білім басқармасы «Хромтау ауданының білім бөлімі» мекемесінің «№5 Хромтау гимназиясы » Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімі бойынша уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды.
Кандидатқа қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе жоғары педагогикалық білімінің болуы; ұлттық біліктілік тестілеуден өтуі (оқуды аяқтаған жас маман үшін), біліктілік санаты, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат, кәсіби жетістіктері көрсеткіші, курстық даярлығы, әдістемелік қызметі мен қоғамдық педагогикалық қызметінің нәтижелілігі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.02.2022ж - 28.02.2022ж
Қажетті құжаттар тізбесі
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.