Бүгін #5 Хромтау гимназиясының жанынан құрылған "тірек мектебі ұйымдастырған " Сабақта тілдік қорды қалыптастыру арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбындағы аудандық семинар жұмысы өткізілді.
Мақсаты: желілік қоғамдастық арасында өзара ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, серіктес мектептер мұғалімдерімен әріптестік іс-тәжірибе алмасу, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту барысында тілдік қорды қалыптастыру жолдарын үйрену.
Семинар барысында ашық сабақтар мен панорамалық сабақтар, коучингтер өткізілді. "Жаңартылған білім беру мазмұнының жеке тұлғаны дамытудағы әсері қандай?" тақырыбында дөңгелек үстелде талқылау, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
#7 Хромтау гимназиясы, Абай негізгі мектебі, Жазық бастауыш мектебі ұжымдарының өкілдері қатысқан семинар жұмысында өзара әдіс- тәсілдер алмасып, ынтымақтастық нәтижесінде жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Іс- шара соңында белсенділік танытқан мұғалімдер аудандық білім бөлімі атынан алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.
Шапағат" желілік қауымдастығы
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 71