«ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ» - білім күніне арналған салтанатты жиын.
Мектепке енді барамыз
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз, - деген өлең жолдары жадымызда шығар? Міне, сол бір күндердің естелігіндей, қоңыр күзбен қатар білім күні де келіп жетті. Ұлан ғайыр қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап соғылған алғашқы қоңырау үніне №5 Хромтау гимназиясының күміс қоңырауы да үн қосты.
Биылғы оқу жылында 76 балғын мектеп табалдырығын аттады.
Салтанатты жиынға Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Қабыл Мадияр Рақымжанұлы мен ардагер ұстаз, қамқоршылық кеңес төрағасы Изтлеуов Серік Изтлеуұлы қатысып, бірінші сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді құттықтап, сәттілік тіледі.