Жаңалықтар
- Толығырақ
- Автор: admin1
- Категория: Жаңалықтар
- Қаралды: 192
Хромтау қаласы 24.11.2021 жыл
Қатысқандар:
1.Қамқоршылық кеңес төрағасы: Серик Изтлеуович Изтлеуов
Кеңес мүшелері:
2. Гулжан Айтмаганбетовна Аканова
3. Нағашыбай Қайназарұлы Өмірзақов
4. Роза Романовна Ярмухамедова
5. Азамат Серикович Джумалиев
Хатшы:Е.Т.Суюмова
Қамқоршылық кеңеске шақырылғандар:
1.Р.М.Манаспаев-гимназия директоры
2.Ж.С.Каражанова-директордың оқу ісі орынбасары
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1.Қамқоршылық кеңес мүшелерін қайта бекіту
2.Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы және бөлінуі.
3.Білім беру ұйымында оқу үдерісін аралас форматта ұйымдастыру жолдары.
Тыңдалды: Қамқоршылық кеңес төрағасы Серік Изтлеуұлы Изтлеуов
Қамқоршылық кеңес мүшелері Ж.К.Утарбаева, Д.Қ.Мынжасаровтың қоныс аударып, өз еріктерімен бас тартуына байланысты кеңес мүшелерінің құрамына өзгеріс енгізу керектігін мәлімдей отырып, Б.М.Алиев пен Ф.С.Сагинбаевты қамқоршылық кеңес құрамына қабылдауды ұсынды. Кеңес мүшелері дауыс беріп, аты-жөні аталған тұлғалар кеңеске қабылданды.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша гимназия директоры Р.М.Манаспаев
Гимназия директоры Руслан Мұратұлы 2021 жылғы жан басына қаржыландыру есебінен алынған заттар мен жұмсалған қаражат есебін берді. 2021 жылдың қараша айы бойынша жұмсалған қаражат көлемі 6 880 000 мың теңгені құрағанын мәлімдеді.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша гимназия директорының оқу ісі орынбасары Ж.С.Каражанова
Биылғы оқу жылы сабақ уақытының 45 минутқа ұзартылуы ауысымдық оқу үдерісі уақытының созылуына себеп болғанын, екінші ауысым бойынша сабақтың аяқталу уақыты 19.50де екінін мәлімдей келе, білім алушылардың сабақтан кеш шығатыны мен ата-аналардың өтініштері негізізінде 2021 жылғы 03 қарашадағы №547 бұйрықты басшылыққа ала отырып оқу үдерісін желтоқсан айынынан бастап аралас форматта ұйымдастыру туралы жоспарын таныстырды.
Кеңес мүшелері оқу үдерісін аралас форматқа көшіру жоспарын бір ауыздан қолдады.
Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша сөйлегендерді тыңдап, мәліметтерді саралай отырып, ШЕШІМ ЕТТІ:
- Қамқоршылық кеңеске Б.М.Алиев, Ф.С.Сагинбаев қабылдансын.
- Жан басына қаржыландыру есебінен жұмсалған қаражат есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
- Желтоқсан айынан бастап оқу үдерісі аралас форматта ұйымдастырылсын.
Төраға С.И.Изтлеуов
Кеңес мүшелері Г.А.Аканова
Н.Қ.Өмірзақов
Р.Р.Ярмухамедова
А.С.Джумалиев