Жаңалықтар

№5 Хромтау гимназиясында педагогикалық әдеп кеңесінің үшінші отырысы өткізілді. Әдеп кеңесінің күн тәртібінде: 1.Педагогтардың құқықтары.2.Педагогтардың көпшілік ортадағы әдеп-этикалық нормалары. 3.Мектептегі педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау тақырыптарында сөз қозғалды.

WhatsApp Image 2022 07 23 at 09.20.46

Бүгін #5 Хромтау гимназиясының жанынан құрылған "тірек мектебі ұйымдастырған " Сабақта тілдік қорды қалыптастыру арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбындағы аудандық семинар жұмысы өткізілді.
Мақсаты: желілік қоғамдастық арасында өзара ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, серіктес мектептер мұғалімдерімен әріптестік іс-тәжірибе алмасу, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту барысында тілдік қорды қалыптастыру жолдарын үйрену.
Семинар барысында ашық сабақтар мен панорамалық сабақтар, коучингтер өткізілді. "Жаңартылған білім беру мазмұнының жеке тұлғаны дамытудағы әсері қандай?" тақырыбында дөңгелек үстелде талқылау, пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
#7 Хромтау гимназиясы, Абай негізгі мектебі, Жазық бастауыш мектебі ұжымдарының өкілдері қатысқан семинар жұмысында өзара әдіс- тәсілдер алмасып, ынтымақтастық нәтижесінде жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Іс- шара соңында белсенділік танытқан мұғалімдер аудандық білім бөлімі атынан алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.WhatsApp Image 2022 07 23 at 09.19.24

Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жұмыс жоспарына сай бүгін #5 Хромтау гимназиясында "Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары" тақырыбында коучинг өткізілді. Коуч: қазақ тілі пәні мұғалімі Кәлендір Әзірхан Нұрмағанбетұлы.
Мақсаты: сабақта тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Пайдаланған әдіс-тәсілдер: тренинг, топтық жұмыс, жеке жұмыс, кереге диктант, кері байланыс.
Идеясы: тілдік дағдыны жетік меңгерту арқылы табысты оқушыны даярлау.WhatsApp Image 2022 07 23 at 09.17.16 1

Ішкі категориялар

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09