Асхана бұрышы

№ 01-1-21/4541-вн от 25.08.2021

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау  министрлігі

 

БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ

Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан

 

ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

         

                 ҚАУЛЫСЫ                                                                         ПОСТАНОВЛЕНИЕ

2021 жылғы 25 тамыздағы №_36                                                 25 августа 2021 года №_36

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                               город Нур-Султан

 

 

2021-2022 оқу жылында білім беру

ұйымдарында коронавирустық

инфекцияның алдын алу жөніндегі

санитариялық-эпидемияға қарсы

және санитариялық-профилактикалық

іс-шараларды жүргізу туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу және Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 25 хаттамасының 3.2-тармағын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін.

2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:

1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай:

- осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;

- педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

- ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

- маска режимін сақтау;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

- педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқытуды;

2) асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді;

3) бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;

4) оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;

5) шетелдік студенттерді:

- тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберуді;

6) (қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рұқсат етілетін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19-мен ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде  кіруіне рұқсат етуді;

7) педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аitu,Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рұқсат етуді қамтамасыз етсін;

8) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына:

- респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);

- QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;

- COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:

1) карантинді енгізуге сараланған тәсілді:

- сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде –сынып (топ) 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жатады;

- бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде Орта білім беру ұйымында тіркелген кезде-ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

- колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруының 1 инкубациялық кезеңінде бір ағын топтарының 30%-дан астамы тіркелген кезде – ағын 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулануға жатады;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен келісу бойынша барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыра отырып, орта орта білім беру ұйымдарына, колледжге, жоғары оқу орнына карантин енгізу мәселесін шешуді;

3) оқу процесі басталар алдында барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге және жоғары оқу орындарына осы қаулыда көзделген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қаулылар шығаруды;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарын білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтары мен персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайы туралы уақтылы хабардар етуге (шұғыл хабарлама/ақпарат алған кезден бастап 24 сағат ішінде), сондай-ақ олардың арасында COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас жасайтын адамдарды анықтауға:

- осы білім беру ұйымына қызмет көрсететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына;

- білім беру басқармасына;

- білім беру ұйымдарына жауапты етіп айқындауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

1) орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдануды;

2) білім беру ұйымдарында COVID-19 ауруымен ауыратын білім алушылардың, педагогтардың және білім беру ұйымдарының персоналының, сондай-ақ COVID-19 ауруымен ауыратындарға жақын қарым-қатынас қатарындағы адамдардың білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жөніндегі шараларды дереу (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін) қабылдауды қамтмасыз етсін;

3) тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасу үшін білім  беру басқармалары мен білім беру ұйымдарында жауапты адамдарды айқындасын.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері:

1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік студенттерге:

- тұрғылықты елдің уәкілетті органы берген вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау;

- алынған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда кіруіне рұқсат етсін.

6. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 14, 19, 46 және 47-қосымшалардың күші жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                               Е. Қиясов

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы «25» тамыздағы 

№ 36 қаулысына

1-қосымша

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптар

 

  1. Жалпы ережелер

1. Білім беру ұйымдарында:

1) жауапты жұмыскерлер барлық педагогтарға, персонал мен білім алушыларға (байланыссыз термометрмен термометрия, қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;

2) жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба қойылады;

4) жалпы, білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады.

2. Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;

2) зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік жүйе алып тасталады;

3) «бір сынып – бір кабинет» қағидаты сақталады;

4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі.

3. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) педагогтардың, персонал мен білім алушылардың маска кию режимі сақталады;

2) әр қабатта қолжетімді жерлерде  және санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар, қызметкерлер қолдарын өңдеуі үшін тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;

3) санитариялық тораптарда білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер үшін дозаторлардағы сабынның, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;

4) жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);

5) білім алушылардың объект аумағында, дәліздерде, үй-жайда жүріп-тұруы кезінде кемінде қашықтық сақталады;

6) білім алушылар, педагогтар және  персонал арасында айына кемінде 1 рет жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (педагогтар мен қызметкерлер арасында нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;

7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, білім алушыларға, педагогтареға, өндірістік оқыту шеберлеріне және қызметкерлерге санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);

8) техникалық персоналға жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды, қолғаптарды) кию және уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау және дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жинау және өңдеу бойынша нұсқама жүргізіледі;

9) жыл мезгілін ескере отырып, оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимі кестесіне сәйкес ауаны залалсыздандыру жөніндегі жабдықтарды (рецеркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) үй-жайларды желдету;

10) профилактикалық қарап-тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;

11) қажетті жабдық және медициналық дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, шпатель, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар (ауырған адамдар анықталған жағдайларға оқшаулау, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркей отырып, температураны күн сайын өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдарды анықтау үшін) жұмыс істейді;

12) ауысымдар мен кіші ауысымдарды арттыру, білім беру ұйымдарында аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде дененің жанасуын азайту жүргізіледі.

4. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.

5. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің форматы (штаттық, аралас, қашықтықтан) ведомствоаралық комиссияның шешімімен және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.

6. Білім беру ұйымдарында оқытуды штаттық және аралас форматта ұйымдастыру кезінде физикалық байланыстардың қысқаруымен ауысымдар мен кіші ауысымдардың саны артады.

7. Сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген) бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сәйкес  шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен мынадай:

1 ) білім беру объектілері үй-жайларының толымдылығына (адамдардың кабинеттерде, корпустарда, аудиторияларда, спорт, акт залдарында, сыныптарда, топтарда, асханаларда бір мезгілде болуы);

2) білім алушылар контингентіне, педагогтерге және персоналға;

3) көпшілік пайдаланатын орындарды пайдалануды шектеуге (оқу залдары, спорт және акт залдары);

4) интернаттар мен жатақханалардың толымдылығына қойылатын шектеу шаралары айқындалады.

8. Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар, педагогтар мен персонал көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулауды жүзеге асырады.

9. Білім алушыларды білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне жеткізуді ұйымдастыру кезінде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды қажетті жиілікпен міндетті түрде ауыстыра отырып, қорғау құралдарымен (маскамен) жабдықталады, сондай-ақ әрбір рейс алдында кейіннен желдете отырып, автокөлік салонын дезинфекциялауды жүргізу қамтамасыз етіледі.

10. Көлік құралының салонында білім алушылар, педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска кию режимін сақтайды.

11. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

Жеке ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдыс қолданылады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда пайдалануға жол беріледі.
          Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.


2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар

 

12. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтер мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.

13. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарға рұқсат етіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.

14. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі бойы сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.

15. Үй-жайларды үнемі желдету оқу, жаттығу, басқа ұйымдастырушылық процестер мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Сыныптардың, фойелердің және дәліздердің үй-жайларының ауасын залалсыздандыру ауаны зарарсыздандыруға арналған жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтай отырып жүргізіледі.

16. Жанасатын масканы (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, кабинеттерді, аудиторияларды, ортақ пайдаланылатын орындарды (спорт, акт залдары, кітапханалар, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар, себезгі және тұрмыстық бөлмелер және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.

17. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.

18. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуі және сақталуы тиіс.

 


3. Білім алушылардың тұру жағдайларына қойылатын талаптар

 

19. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында тұру санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жобалық қуатқа сәйкес жүзеге асырылады.

20. Білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларында бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайлардың санитариялық өңделуіне және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.

21. Интернаттар мен жатақханаларда бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

22. Интернаттың, жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды қосымша құю үшін дезинфекциялау ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.

23. Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинге оқшауланған уақытта дүкендер мен дәріханаларға шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын жерлерге немесе өзге де орындарға шығуына жол берілмейді.

24. Білім беру ұйымы жатақханадан шыққаннан кейін оралған білім алушының денсаулық жағдайына оралған күнінен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.

25. Интернаттарда, жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) білім алушылардың дене температурасының жоғарылауы немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның өзге де белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы Цельсий бойынша 37 градустан жоғары) жағдайлары журналда тіркеледі;

2) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар білім берушілерге ерекше бақылау қамтамасыз етіледі.


4. Жекелеген оқу орындарында болу режиміне және сабақтарға

қойылатын талаптар білім беру ұйымдарында

 

26. Ерекше білім беру қажет етілетін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарында, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда және басқаларында мынадай:

1) білім алушылардың мектеп-интернатта тұруы үшін бір мезгілде келуі;

2) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау;

3) ауысымдарды және кіші ауысымдарды арттыру, дененің жанасуын азайту талаптары сақталады.

27. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталықтарында сабақтар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жеке кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.

28. ППТК-да ерекше білім беру қажет етілетін балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

29. Ерекше білім беру қажет етілетін балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесс белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, кіші топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

30. Емдік дене шынықтыру ата-аналар (заңды өкілдер) мен педагог (1-1,5 м) арасындағы қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтай отырып, сабаққа ата-аналардың (заңды өкілдердің) рұқсатымен залда өткізіледі.

31. Физио-ем-шараларды, массажды жүргізу кезінде бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуы кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып шектеледі. Физио-ем-шаралар және массаж кушеткалар арасындағы қашықтықты сақтай отырып, үй-жайларды 1 балаға 4 ш.м. толтырған кезде жүргізілуі мүмкін. Балаға медициналық ем-шаралар маска кию режимін сақтай отырып жүргізіледі.

32. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазу бойынша қызметті жүзеге асырады.

33. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
Контингент, кесте, жұмыс кестесі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

34. Топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен білім алушылар арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады.

35. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған жекелеген білім беру ұйымдарына да осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.


5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

 

36. Ұйымдарда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) ағынды аудиторияларды, кітапханаларды өңдеу дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы күніне кемінде 2 рет жүргізіледі;

2) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;

3) зертханалық, практикалық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 4 м2 қамтамасыз ете отырып жүргізіледі;

4) қажет болған жағдайда оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда мөлдір қалқаларды орнату көзделеді;

5) кітапханалардағы оқу залдары үстелдер арасындағы қашықтықты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді.

37. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары білім беру орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына осы қаулының жалпы талаптары қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы «25» тамыздағы

№ 36  қаулысына

2-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар

 

1. Жалпы ережелер

1. Білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінде мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

1) білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кірнетін орын болған жағдайда асханаға кіретін жерде «Ashyq» қосымшасын енгізу қамтамасыз етіледі (асхана персоналының, өнім берушілердің және асхана қызметімен байланысты басқа да адамдардың (білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымының персоналын қоспағанда) QR-код (check-in) бойынша тіркелуі);

2) асхана персоналының QR-код (check-in) бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы, оның ішінде басқа да платформалар арқылы кіруі (мысалы, еGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты);

3) байланыссыз термометрия жүргізе отырып және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулай отырып, персоналдың күн сайынғы «кіру сүзгісі» (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін орын болған жағдайда);

4) персоналды 100% вакцинациялау (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);

5) өндірістік процестермен байланысты жұмыстарды (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;

6) көпшілік пайдаланатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, аяқ педалі бар қоқыс контейнерлері;

7) персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалануға арналған маскалар қорымен, қолды өңдейтін дезинфекциялық сулықтармен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта кемінде 1 рет маскаларды ауыстыруға қарай). Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді.

2. Асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.

3. Арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.

4. Асхана тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатына сәйкес толтырылады.

5. Отырғызу төменгі сынып оқушыларының басқа білім алушылармен байланысын азайту мақсатында, сондай-ақ әр түрлі сыныптар (топтар, курстар) арасында кемінде 2 м қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

6. Асхана персоналы (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да персонал) келушілерге қолды жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскалармен (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) қызмет көрсетеді.

7. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету түрі бойынша тарату жүргізілмейді.

8. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл таспаларын салу жолымен қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.

9. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде, қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болған кезде тамақты сыныптарға бір рет қолданылатын ыдыста не көп рет қолданылатын ланч-бокстарда жеткізу ұйымдастырылады.

            Тиісті алаң бар болған кеде білім беру ұйымдарының ғимарат карантиндік шараларды сақтай отырып, тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындарымен жабдықталады.

10. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.

11. Асхананың жұмыс режимі тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) кемінде 20 минут үзіліспен мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша белгіленеді.

12. Білім беру ұйымының ғимаратында тиісті алаңдар болған кезде тамақ ішуге арналған қосымша отырғызу орындары жабдықталады.

13. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

14. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.

 

2. Дезинфекциялау режиміне және үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар

15. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету күніне кемінде 3 рет жүргізіледі.

16. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі.

17. Тамақтану залында ауа рециркуляторларын орнату қамтамасыз етіледі.

18. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауға, білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бір айлық) қорын қамтамасыз етеді.

19. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықты қатаң сақталып қолданылады.

20. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.

21. Дезинфекция үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

22. Дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препараттың нұсқаулығына сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтаған дұрыс.

23. Объектілерді дезинфекциялау мынадай жиілікпен жүргізіледі:

- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілігіне қарай;

- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы – күніне кемінде 2 рет;

- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетігі) – күніне кемінде 3 рет.

24. Жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды және т.б.) вирулицидті әсер ететін дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс ауысымы 6 сағаттан артық болған кезде - әрбір 6 сағат сайын) есік тұтқаларын, таяныштарды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), тамақтану залына (асханаға) кіре берістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын, санитариялық тораптарды, себезгі және тұрмыстық бөлмелерді дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі.

25. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей  жүргізіледі.

26. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы «25» тамыздағы

№  36 қаулысына

3-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі

білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар

 

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында:

1) жауапты қызметкерлер барлық персонал мен тәрбиеленушілерге күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізеді (байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу);

2) объектіде жүріп-тұрудың «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы нұсқағыштармен, оның ішінде сатылар бойынша көтерілетін жер таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіре беріс алдында асфальтқа таңба салынады;

4) үй-жайларда, сондай-ақ объектінің ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер салынады.

  1. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

  • персоналға арналған санитариялық тораптарда педагогтердің, персоналдың қолын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
  • топтық санитариялық тораптарда тәрбиеленушілер үшін дозаторларда сабынның болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
  • жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);
  • топтарда тәрбиеленушілердің қолдарын уақтылы жууды бақылау жүзеге асырылады;
  • күн сайын температураны өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, Цельсий бойынша 37 градустан жоғары температура) бар адамдарды анықтау үшін, қажетті медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, қалақшалар, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар жұмыс істейді;
  • айына 1 реттен сиретпей педагогтер мен персонал арасында жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;
  • санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, педагогтер мен персоналға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);
  • жеке қорғаныш құралдарын кию және уақтылы ауыстыру (маска, қолғап), дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын бақылау, дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәмаллды жинау және өңдеу бойынша персоналған нұсқама жүргізіледі;
  • ауаны зарарсыздандыратын жабдықты (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) оқу, өзге де ұйымдастырушылық процестер кестесіне және жыл уақытын ескере отырып, жұмыс режиміне сәйкес үй-жайларды желдету;
  • профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялай отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
  • педагогтер мен персоналдың маска режимін сақтауы.
  1. Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) балаларды мектепке дейінгі ұйым ғимаратының есігіне дейін ертіп барады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.
  2. Балалардың объектіге баруы ата-ананың (заңды өкілдің) өтініш-келісімі негізінде ата-ананың (заңды өкілдің) жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
  3. Сабақтар мен демалыс режимі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) серуендеу мен ойын сабақтарының уақыты барынша бөлуді және топтық оқшаулауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;

2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

3) залдарды тұрақты желдету қамтамасыз етіледі (жыл уақытын ескере отырып).

  1. Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.
  2. Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды ойнауға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда көшеде өткізуге (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыруға) жол берілмейді.
  3. Білім алушылардың білім беру ұйымына және одан кері апаруды жүзеге асырған жағдайда жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстырылатын қорғаныш құралдарымен (маска) жабдықталады, сондай-ақ әр рейс алдында автокөлік салонын кейіннен желдете отырып дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.

10.       Көлік құралының салонында педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска режимін сақтайды.

11.       Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкедегі су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

12.       Ішу үшін таза ыдыс пайдаланылады. Қайнатылған ауыз су үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.

Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

13. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланатын орындарды (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, топтарды вирулицидті әсер ететін дезинфекциялық құралдармен күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау.

14. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.

15. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.

16. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қамтамаларында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылып сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықта жазылған.

Согласовано

25.08.2021 20:11 Рахимжанова Марал Тлеулесовна

25.08.2021 20:13 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

25.08.2021 20:14 Тилесова Айгуль Шарапатовна

Подписано

25.08.2021 20:23 Киясов Ерлан Ансаганович

  1. Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ (бұдан әрі – Сараптамалық топ) тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдауды жүзеге асырады және балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Сараптамалық топтың міндеттері:

- бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;

- өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

- байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;

- өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.

           2. Сараптамалық топ адалдық, құзыреттілік, парасаттылық және ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.

 3. Сараптамалық топ келісім бойынша әкім аппаратының, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму істері жөніндегі басқармалардың, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ балалық шақ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылады.

Топтың құрамы қажет болған жағдайда өзгеруі мүмкін.

Сараптамалық топты білім басқармасының басшысы басқарады.

Сараптамалық топтың төрағасы немесе төрағасының орынбасары жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның қызметін үйлестіреді және Сараптамалық топқа жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді.

Сараптамалық топтың хатшысы Сараптамалық топтың мүшелерін және шақырылғандарды отырыстың күні, күн тәртібі және басқа да мәселелер туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, Сараптамалық топтың мүшелеріне шешімдердің жобаларын және өзге де құжаттарды жіберуді жүзеге асырады.

Сараптамалық топ мүшелерінің саны кемінде 7 адам, оның ішінде ата-аналар қауымдастығынан кемінде 3 адам болуы тиіс.

Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.

Сараптамалық топтың түрі:

- аудандық;

- қалалық;

- облыстық.

4. Сараптамалық топ өз қызметін:

  • Сараптамалық топтың отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жоспарға;
  • мониторингтің жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

         Ұйымдардың отырыстары мен мониторингін Сараптамалық топ қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді және егер оларға оның мүшелерінің 1/3 бөлігі қатысса, заңды болып саналады.

         Сараптамалық топ келесі бару жоспарына сүйене отырып, тамақтану сапасын ұйымдастыру бойынша мониторингтің жоспар-кестесін жасайды:

  • қалалық / аудандық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде білім беру ұйымдарының 100%-на барады (тоқсанына 25%);
  • облыстық Сараптамалық топ оқу жылы ішінде өңірдің білім беру ұйымдарының кемінде 28%-ына (тоқсанына 7%) барады.

Сараптамалық топтың шешімі қатысушы мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың актісімен ресімделеді.

         Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

         Білім беру ұйымдарына барған кезде Сараптамалық топ білім беру ұйымының басшысын, қызметті жеткізушіні (бар болса) білім басқармасының мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен таныстырады.

         Сараптамалық топтың жұмыс нәтижелері туралы білім беру мекемесі, ата-аналар комитеті, қызметті жеткізуші (бар болса) хабардар етіледі.

         5. Сараптамалық топ мынадай функцияларды орындайды:

  • өңірдің білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін өнім ассортиментінің мониторингін жүргізеді. Бұл үшін актіге сәйкес тиісті құжаттама мәліметтерінің дұрыстығын салыстырып тексеруге құқылы;
  • нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тамақтану рационын сапалы жақсарту, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің қауіпсіз және теңгерімді тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылдайды, тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін тамақ дайындау процесінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасын куәландыратын тиісті құжаттардың болуына мониторинг жүргізеді;
  • фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып, терапевт қорытындысымен флюро тексеруден өткені туралы анықтама болған кезде бір өкіл қол жеткізе отырып, ас блогын, қойма үй-жайларын, технологиялық жабдықты және т. б. көзбен шолып тексеру;
  • қажет болған жағдайда Сараптамалық топ алдыңғы күндердегі бейнежазбаны (бар болса) қарауды жүзеге асырады;
  • тамақтануды ұйымдастыру және сапасы бойынша балалардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) пікірін зерделеу.
  1. Сараптамалық топ:
  • балалардың тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссия мүшелерін тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша олардың қызметі туралы тыңдауға;
  • бұзушылықтар анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тиісті өтінішпен жүгінуге;
  • балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау, тиісті құжаттаманы жүргізу жөніндегі міндеттерді орындау бойынша білім беру ұйымының әкімшілігін тыңдауға;

- ата-аналардың (заңды өкілдердің) тамақтануды ұйымдастыру және оның сапасы туралы жұмысқа берген бағасын қамтитын шағымдарымен танысуға, олар бойынша түсініктеме беруге;

- қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде конкурстық комиссияға бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.

         7. Сараптамалық топтың мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапты болады.

Сараптамалық топтың тамақтанудың ұйымдастырылуына және сапасына мониторинг жасаумен айналысатын мүшелері актілерде ұсынылған фактілердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

8. Сараптамалық топтың қызметін регламенттейтін қажетті құжаттама:

- Сараптамалық топтың құрылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;

- Сараптамалық топтың бір жылға арналған жұмыс жоспары;

- отырыстар хаттамалары;

- жоспар-кесте;

- мониторинг актісі (ай сайынғы бақылау);

- жыл қорытындылары бойынша қызметті талдау.

 

 

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі

ведомствоаралық сараптама тобының актісі

 

Бару күні ____________

№______________

Сараптамалық топтың мүшелері (Т.А.Ә., лауазымы) мынадай
құрамда:_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім беру ұйымының атауы________________________________________________

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы – білім беру ұйымының басшысы _________________________________________________

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия (бракераждық комиссия) мүшелерінің құрамы (Т.А.Ә., лауазымын көрсете отырып):  _______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

Қызметті жеткізуші (болған жағдайда)________________________________________

Асхананың (ас блогының) қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының №, күні____________________________________________________

Білім беру ұйымының контингенті (адам): _____________________________________

Ас блогы қызметкерлерінің саны, (адам): ________________________ (Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігі (31.10.2018 ж. №598 бұйрықтың 22-тармағы 2020 жылғы шілдеден бастап жасалған шарттарға қатысты)

 

Көрсеткіш

Сәйкес келеді (бар)

Сәйкес келмейді (жоқ)

Ескерту

1

Бракераждық комиссия құру туралы бұйрықтың болуы

 

 

 

2

Бракераждық комиссияның оқу жылына арналған жұмыс жоспарының болуы

 

 

 

3

Тиісті құжаттаманың (актілер, өтініштер, хат алмасу және т. б.) болуы

 

 

 

4

Балалардың тамақтануын ұйымдастыру (асханаға ұйымдасқан түрде баруды қамтамасыз ету)

 

 

 

5

Балалардың тамақтануы үшін жағдай жасау (раковиналардың, кептіргіштердің болуы және жағдайы, сабынның болуы және т. б.)

 

 

 

6

Тамақтану залының жалпы санитарлық жағдайы және эстетикалық безендірілуі

 

 

 

7

Білім алушылардың ауыз су режимін сақтау

 

 

 

8

Дайын тағамның шығуы көрсетілген мәзірдің болуы (перспективалық, білім беру органы бекіткен, күнделікті)

 

 

 

9

Балалардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ҮҚ бекіткен бір реттік тамақтану нормаларына сәйкестігі (15- қосымша)

 

 

 

10

Күнделікті мәзірдің перспективалы мәзірге сәйкестігі (барған күні)

 

 

 

11

Нақты тамақтану рационының (барған күні) күнделікті, перспективалық мәзірге сәйкестігі

 

 

 

12

Балалардың, ата-аналардың тамақтану сапасы бойынша сұрауы, сауалнамасы

 

 

 

13

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, олардың пайдаланылатын тізбесі туралы мәліметтердің болуы (сертификаттардың көшірмелері)

 

 

 

14

Балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу

 

 

 

15

Білім беру ұйымының сайтында, «Күнделік» жүйесінде балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ақпаратты жүйелі түрде орналастыру (тағамдардың фотолары бар ас мәзірі, жоспарлар, бракераждық комиссияның актілері)

 

 

 

 

Тексеру нәтижесінде мыналар белгіленді:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Комиссия мүшелері:                                                                                       

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(қолдары)

Білім беру ұйымының басшысы таныстырылды____________________ (қолы)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21857 болып тіркелді

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 103) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі

А. Цой

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-302/2020
бұйрығымен бекітілген

 Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттары

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттары (бұдан әрі – Стандарттар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 103) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

      2. Осы Стандарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) азық-түлік (тамақ) шикізаты – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын жануардан, өсімдіктен алынған, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық текті өнімдер және ауыз су.

      2) балалар тағамына арналған тамақ өнімдері – балалар организмінің тиісті физиологиялық қажеттіліктеріне сай келетін және тиісті жастағы баланың денсаулығына зиян келтірмейтін балаларға арналған (0-ден 3 жасқа дейінгі балалар, 3-тен 6 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалар, 6 жастан және одан жоғары мектеп жасындағы балалар үшін) арнайы тамақ өнімдері;

      3) бракераж – органолептикалық көрсеткіштер бойынша тамақ өнімдері мен дайын тағамдардың сапасын бағалау;

      4) буфет – әзірлігі жоғары дәрежедегі жартылай фабрикаттардан жасалған қоғамдық тамақтану өнімдерінің шектеулі ассортиментін сол жерде тұтынумен сататын қоғамдық тамақтану кәсіпорны (объектісі);

      5) білім беру ұйымы – меншік нысанына және ұйымдастырушылық құқықтық нысанына қарамастан бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ халықаралық мектеп мәртебесі бар заңды тұлғалардың филиалдары, заңды тұлға құрмаған, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер;

      6) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) диеталық емдік тамақтанудың тамақ өнімі – берілген тағамдық және энергетикалық құндылығы, физикалық және органолептикалық қасиеттері бар және емдік диеталар құрамында пайдалануға арналған арнайы тамақ өнімі;

      8) диеталық профилактикалық тамақтанудың тамақ өнімі – құрамында көмірсутегі, май, ақуыз, дәрумен және зат алмасудың басқа да түрлерінің болуы және (немесе) жекелеген заттардың олардың табиғи құрамына қатысты арақатынасы өзгертілген және (немесе) құрамына бастапқыда болмаған заттар немесе компоненттер енгізілген арнайы тамақ өнімі, сондай-ақ аурулардың даму қаупін азайтуға арналған тамақ өнімі;

      9) энтералдық тамақтанудың тамақ өнімдері – диеталық емдік немесе диеталық профилактикалық тамақтанудың сұйық немесе құрғақ (тұтынуға дайын болғанға дейін қалпына келтірілген), организмді тағамдық заттар мен энергияда әдеттегі тәсілмен қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде тікелей пероральді пайдалануға немесе зонд арқылы енгізуге арналған тамақ өнімі.

 2-тарау. Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі

      3. Білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мыналарды:

      1) балалардың тамақтануының энергетикалық құндылығының энергетикалық шығындарға сәйкестігін;

      2) тағамның химиялық құрамының организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

      3) оның теңгерімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын диетаның барынша әртүрлілігін;

      4) оңтайлы тамақтану режимін;

      5) жоғары дәмдік қасиетін және бастапқы тағамдық құндылығының сақталуын қамтамасыз ететін тағамды дұрыс дайындауды;

      6) балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алуды;

      7) жеткізілетін тамақ өнімдеріне, оларды тасымалдауға, сақтауға, тағамдарды дайындауға және таратуға ас блогының жай-күйіне қойылатын барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қоса алғанда, тамақтанудың санитариялық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қамтиды.

       4. Перспективалы маусымдық (жаз – күз, қыс – көктем) екі апталық мәзірді орта медицина қызметкері тәуліктік азық-түлік жиынтығының бекітілген нормаларына сәйкес жасайды. Бұл ретте, тәуліктік рационы өнімдерінің бір бөлігі (сүт, нан, қант, сары май, көкөністер) күнделікті мәзірге тәуліктік жиынтықтың нормаларына сәйкес мөлшерде енгізіледі. Басқа өнімдер (балық, сүзбе, жұмыртқа, ірімшік, қаймақ және басқалары) баланың рационына күн сайын енгізілмейді, бірақ бір апта ішінде ол толығымен беріледі.

       5. Білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыру нормалары "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен регламенттелген.

       6. Азық-түлік жиынтығы бойынша түзетілген тәуліктік тамақ рационында тамақтанудың физиологиялық нормаларымен +10 пайыздан (бұдан әрі – %), бірақ апталық нормаға толық сәйкес келетін айырмашылықтарды көздейді.

       7. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ресми дереккөздердің рецептуралары (рецептуралар жинағы, әдістемелік ұсынымдар, монографиялар) пайдаланылады, олардың негізінде ресми дереккөзге сілтемесі бар тағамдардың картотекасы жасалады. Бір өнім болмаған жағдайда, оларды химиялық құрамы жағынан бірдей басқа өнімдермен алмастырады. Рационның толыққанды құрамын сақтау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өнімдерді ауыстыру кестелері пайдаланылады.

      8. Білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірдің негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітетін тәуліктік мәзір жасалады. Тәуліктік мәзір бекітілгеннен кейін оған барлық өзгерістерді ұйым басшысы енгізеді.

      9. Аурудың белгілі бір түрлері бар балалардың жекелеген санаттары үшін жеңіл (диеталық) тамақтану ұйымдастырылады. Белгілі бір диеталық тамақтануды қажет ететіндердің саны және оны қабылдау ұзақтығы балаларды жыл сайынғы тереңдетілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ата-аналар ұсынатын анықтамалардың негізінде айқындалады. Диеталық тағамдарды дайындау қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

       10. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарында тамақтану рационы әзірленеді, ол өз кезегінде бір тәулік ішінде немесе өзге де белгіленген уақыт аралығында балаларды тамақтандыруға арналған өнімдер жиынтығын қалыптастыруды көздейді.

      11. Мәзірді әзірлеу кезінде:

      1) білім алушылардың жалпы білім беру мекемесінде болу ұзақтығы;

      2) жас ерекшелік санаты;

      3) балалардың физикалық жүктемелері ескеріледі.

      12. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мәзірде:

      1) тағам порцияларының массасы;

      2) олардың тағамдық және энергетикалық құндылығы;

       3) негізгі дәрумендер мен микроэлементтерге тәуліктік қажеттілік бойынша талаптар сақталады.

      13. Мәзір:

      1) тағамдардың сандық құрамы;

       2) әрбір тағамдағы дәрумендер мен минералдық заттардың құрамын қоса алғанда, энергетикалық және тағамдық құндылығы туралы ақпаратты қамтиды.

      14. Мәзірде сол тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі 2 – 3 күнде қайталауға жол берілмейді.

      15. Балаларды тамақтандыруға арналған мәзірді әзірлеу кезінде мұздатылған тағамдарды қайта термиялық өңдеуге және жылытуға жатпайтын жаңа дайындалған тағамдар қолданылады.

       16. Күн сайын тамақтану залында білім беру ұйымының басшысы бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамдардың көлемі мен аспаздық өнімдердің атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      17. Жалпы білім беретін ұйымдардың бірінші ауысымының білім алушылары үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас көзделеді. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделеді. Тамақтану арасындағы аралық 3,5 – 4 сағаттан аспайды.

       18. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың таңғы асы ыстық тағамнан (ботқа, пісірме, сүзбе және жұмыртқа тағамдары және басқалары), бутербродтан және ыстық сусыннан тұрады. Түскі асқа салат немесе порцияланған көкөністер, бірінші тағам (сорпа), екінші (гарнир және еттен пісірілген тағам, балық немесе құс еті), сусын (компот немесе кисель) енгізіледі. Бесін асқа кремсіз бөлке немесе кондитерлік өнімдері бар сусын (сүт, сүт қышқылы сусындары, шырындар, шәй) енгізіледі, сүзбе немесе жарма пісірмелері мен тағамдарын беруге жол беріледі. Кешкі асқа балық, ет, көкөніс және сүзбе, салаттар және ыстық сусындар енгізіледі.

      19. 8 және одан да көп сағат режимінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымда мәзірде балалардың тамақтануында мыналарды күнделікті пайдалану көзделеді: сүт, сүт қышқылы сусындары, ет (немесе балық), картоп, көкөністер, жемістер, нан, жарма, сары май және өсімдік майы. Қалған өнімдер (сүзбе, қаймақ, құс еті, ірімшік, жұмыртқа, шырындар және т.б.) аптасына 2 – 3 рет қосылады.

      20. Қысқа уақыт болу режимінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мәзірге мектепке дейінгі білім беру ұйымының жұмыс режимі мен балалардың тамақтану режимі ескеріле отырып, тағамдар мен өнімдер енгізіледі.

      21. Мамандандырылған мектепке дейінгі ұйымдарда және созылмалы аурулармен ауыратын балаларға арналған топтарда (қант диабеті, тамақ аллергиясы, жиі ауыратын балалар) балалардың тамақтануы тиісті тамақтану нормалары мен мәзірлер негізінде тиісті патологиясы бар балалардың емдік және профилактикалық тамақтануы қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады.

       22. Жеке тамақтану (таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас, екінші кешкі ас) бойынша балалардың тамақтану жиілігі мен тамақтану режимі балалардың болу уақытымен және мектепке дейінгі ұйымның жұмыс режимімен анықталады.

      23. Мектепке дейінгі ұйымдарда және үйде балалардың әртүрлі және толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету үшін ата-аналарды әрбір топтық ұяшыққа күнделікті ас мәзірін қоя отырып, баланың тамақтану ассортименті туралы хабардар етеді. Күнделікті мәзірде тағамның атауы және порция көлемі, сондай-ақ тамақ аллергиясы және қант диабеті бар балаларға арналған тағамдарды ауыстыру көрсетіледі.

      24. Білім беру ұйымдарында тамақтануда пайдаланылатын барлық өнімдер мен тағамдар Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.

       25. Келіп түсетін тамақ өнімдеріне "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақтың тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне сәйкес олардың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоса беріледі.

       26. Білім беру ұйымдарында тамақтануда пайдалану үшін негізгі тамақ өнімдерінің ассортименті және жалпы білім беру ұйымдарының қоғамдық тамақтану ұйымдарында сатуға жол берілмейтін өнімдер мен тағамдардың тізбесі Кодекстің 95-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қалыптастырылады.

       27. Балалар тағамы үшін тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде құрамында гендік түрлендірілген организм (бұдан әрі – ГТО) бар азық-түлік (тамақ) шикізатын пайдалануға жол берілмейді.

      28. Балалар тағамы үшін тамақ өнімдерін өндіру кезінде "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (ТРТС 021/2011) 10-қосымшаға сәйкес пестицидтерді қолдану арқылы алынған азық-түлік (тамақ) шикізатын пайдалануға жол берілмейді.

      29. Балалар тағамына арналған тамақ өнімдері мынадай талаптарға жауап береді:

      1) балалар тағамына арналған печеньеге қосылған қанттың құрамы 25 %-дан аспайды;

      2) балалар тағамына арналған нан-тоқаш өнімдеріндегі тұз 0,5 %-дан аспайды.

      30. Балалар тағамына арналған тамақ өнімдерінде мыналар қамтылмайды:

      1) 0,2 %-дан асатын этил спирті;

      2) табиғи кофе;

      3) өрік тұқымының өзегі;

       4) сірке суы;

      5) диеталық емдік және диеталық профилактикалық төнімге арналған арнайы тамақ өнімдерін қоспағанда, тәттілендіргіштер.

      31. Балалар тағамы үшін тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде бензой, сорбин қышқылдары мен олардың тұздарын пайдалануға жол берілмейді.

      32. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде азық-түлік (тамақ) шикізатының мынадай түрлерін пайдалануға жол берілмейді:

      1) қайта мұздатылған жануарлар мен құстардың өнімдері;

      2) балық және балық емес кәсіпшілік объектілерінің қайта мұздатылған шикізаты;

      3) механикалық жолмен сүйектен сылынып алынған жануарлардың еті және механикалық жолмен сүйектен сылынып алынған құс еті;

      4) құс етінен жасалған құрамында коллаген бар шикізат;

      5) жануарлардың түрлі сіңірлі етінен, сондай-ақ мерзімі 6 айдан асатын субөнімдерден (бауыр, тіл, жүрек) жасалған мұздатылған блоктар;

      6) дәнекер және май тіндерінің салмақтық үлесі 20 %-дан асатын сіңірілген сиыр еті;

       7) майлы тіннің салмақтық үлесі 70 %-дан асатын сіңірілі шошқа еті;

      8) майлы тіннің салмақтық үлесі 9 %-дан асатын сіңірлі қой еті;

      9) бұқалардың, қабандардың және арық жануарлардың еті;

      10) бауырды, тілді, жүректі және қанды қоспағанда жануарлар мен құстардың қосымша өнімдері;

      11) суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен еті;

      12) диффузиялық қойылтылған шырындар;

       13) килограмм (бұдан әрі – кг) майдағы асқын тотығының саны белсенді оттегінің 2 ммоль-ден астам өсімдік майлары (зәйтүн майын қоспағанда); кг. майдағы асқын тотығының саны белсенді оттегінің 2 ммоль-ден астам зәйтүн майы;

      14) өсімдік майлары: мақта;

      15) гидрогенделген май мен майлар;

      16) ыстық дәмдеуіштер (бұрыш, ак желкек, қыша).

      33. Білім беру ұйымдарындағы тамақтану шикізатпен жұмыс істейтін асханада немесе буфетте ұйымдастырылады.

      34. Оқушылар саны 100 адамнан асатын білім беру ұйымдарында асханалар көзделеді.

      35. Асханаларда қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықтар мен үй-жайлар жиынтығы болады.

      36. Асхана ыдыстары, аспаптары және ыдыстар Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың 12-бабының гигиеналық нормативтеріне сәйкес тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалады.

      37. Пішіні бұзылған асхана ыдыстарын, алюминийден жасалған асхана аспаптарын, жарықтары мен механикалық зақымдары бар пластмассадан жасалған бөлшектеу тақтайларын және сығымдалған фанераны пайдалануға жол берілмейді.

      38. Жұмысқа түсу алдында ас блогының қызметкері медициналық қарап-тексеруден және санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарына сәйкес гигиеналық оқытудан өтеді.

      39. Білім беру ұйымының медицина қызметкері санитариялық қағидалардың талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; бракераж комиссиясымен бірге (құрамы білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрығымен айқындалады) өнімдердің салынуының және дайын тағамдардың шығымының дұрыстығын мерзімді түрде тексереді; тәуліктік сынамалардың іріктелуін және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; тілектер мен пікірлер журналындағы жазбаларды зерделейді; ас блогы қызметкерлерінің қол терісінде, дененің ашық бөліктерінде зақымданудың және іріңді аурулардың, сондай-ақ ангинасы және жоғарғы тыныс алу жолдарында катаральды құбылыстары бар науқастардың болуына тексеруін бақылауды қамтамасыз етеді. Дене жарақаттары, тіліктері, күйіктері, фурункуласы, іріңдері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

      40. Аспаз тамақ өнімдерін сақтау шарттары мен өткізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; тағамдарды дайындау кезінде технологиялық карталарды (тағамдар картотекасын) пайдаланады, тамақ дайындау технологиясын сақтайды; тәуліктік сынамаларды іріктеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды.

 3-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру тәртібі

      41. Жалпы емдік тамақтануды ұйымдастыру әрбір денсаулық сақтау ұйымында нақты жүзеге асыруды талап ететін мынадай негізгі бөлімдерден:

      1) емдік тамақтануды құру қағидаттары, оны тағайындау жүйесі, тамақтану режимі және тамақтану нормалары енгізілетін ұйымның клиникалық мәселелерінен;

      2) ас мәзірін жасау әдістерін, тағайындауларды есепке алу жүйесін, өнімдерді шығаруды, ас үйде технологиялық процесті ұйымдастыруды, ас үйден тамақ беру жүйесін, тамақ сапасын бақылауды және науқастарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтитын ұйымның техникалық мәселелерінен;

      3) емдік тамақтануға басшылық жасау және кадрлар даярлау мәселелерінен;

      4) ас блоктарын құру және тамақты тасымалдау жүйесі, жабдық пен мүкәммал, ас блогын күтіп-ұстау жөніндегі санитариялық талаптар енгізілетін ұйымның санитариялық-технологиялық мәселелерінен құралады.

      42. Әрбір денсаулық сақтау ұйымында негізгі, тұрақты жұмыс істейтін диеталар белгіленеді және қажет болған жағдайда басқа диеталар қолданылады. Сондай-ақ, арнайы көрсеткіштерге байланысты жазып берілген диетаға сол немесе өзге де түзетулер енгізілуі мүмкін. Диетадағы қосымша тағайындаулар немесе шектеулер белгілі бір емдік қасиеттері бар өнімдерді (сүзбе, бауыр, сүт, қарбыз, алма, сарымсақ және т.б.) тағайындау арқылы немесе қоректік заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, тұздар, дәрумендер) қосу немесе шектеу арқылы жасалады.

      43. Науқас денсаулық сақтау ұйымдарына түскен кезде емдік тамақты кезекші дәрігер тағайындайды. Тағайындалған диета ауру тарихына және сонымен бірге барлық қабылданған науқастарға жиынтық тапсырысқа енгізіледі, ол белгіленген уақытта ас блогына жіберіледі.

      44. Науқасқа диетаны тағайындау кешенді емдеудің нақты міндеттеріне сәйкес жеке жасалады.

      45. Ас блогының диета жөніндегі мейіргері барлық бөлімшелерден алынған мәліметтердің негізінде диетамен тамақтанатын науқастардың болуы жөнінде жиынтық мәліметтер жасайды.

       46. Жиынтық мәліметтердің негізінде диета жөніндегі мейіргер өндіріс меңгерушісінің (бас аспаздың) және бухгалтердің қатысуымен диетолог-дәрігердің басшылығымен келесі күні науқастардың тамақтануына белгіленген нысан бойынша тарату мәзірін жасайды.

      47. Тарату мәзірі азық-түліктің орташа тәуліктік жиынтығын ескере отырып, жеті күндік жиынтық мәзірге (күзгі-жазғы және қысқы-көктемгі) сәйкес жасалады, күн сайын денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді және оған диетолог-дәрігер, бухгалтер, өндіріс меңгерушісі (шеф-аспаз) қол қояды. Тарату мәзірінде диета жөніндегі мейіргер алымдағы әр тағамның бір порциясын дайындау үшін тамақ өнімдерінің мөлшерін қояды, бөлгіште бухгалтер (калькулятор) осы тағамның барлық бөліктерін дайындауға қажетті өнімдердің санын көрсетеді.

      48. Қорытынды деректердің негізінде қоймадан (қоймадан) тамақ өнімдерін беруге талап жазып беріледі.

       49. Белгіленген диетаға науқастың жеке басына және патологиялық процестің сипатына байланысты кейбір түзетулер енгізіледі. Мұндай түзетулер белгілі бір емдік қасиеттері бар кейбір өнімдерді (мысалы, сүзбе, бауыр, сүт, алма және басқалары) қосымша тағайындау арқылы, егер қажет болса, диетадан басқа өнімдердің тиісті мөлшерін алып тастау арқылы, сондай-ақ тағамдық заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, су, дәрумендер, минералды тұздар) қосу немесе шектеу арқылы жасалады.

       50. Әрбір денсаулық сақтау ұйымында қолданылатын диеталар саны сараланған емдік тамақтану енгізілген сайын, сондай-ақ жаңа клиникалық негізделген диеталар әзірлеу нәтижесінде артады. Барлық жағдайларда жаңа диеталарды нұсқасын білдіретін қосымша әрпі бар сол өз нөмірлерімен белгілеп, диетаның номенклатурасын сақтау қажет.

      51. Аралас тамақтандыратын балаларға қоспаның көлемі жеке есептеледі. Тек емшек сүтімен тамақтанатын балалар бейімделген сүт қоспаларын қабылдамайды. Балаларға арналған сүт қоспасы патологиялық жағдайлар мен ауруларды ескере отырып таңдалады. Балаларға арналған диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам өнімдерінің жекелеген түрлері "Арнайы тамақ өнімдерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағамның жекелеген түрлерінің қауіпсіздігі туралы" (027/2012 КО ТР) Кеден одағының техникалық регламентіне 3-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      52. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде күніне төрт рет тамақтану режимі белгіленеді, көрсеткіштер бойынша жекелеген бөлімшелерде немесе науқастардың жекелеген санаттары үшін неғұрлым жиі тамақтану (бес-алты рет тамақтандыру) қолданылады.

      53. Науқастардың тамақтану уақыты тамақтану санымен және денсаулық сақтау ұйымдарындағы жалпы күн тәртібімен анықталады.

      54. Бес рет тамақтану кезінде екінші таңғы ас, ал алты рет тамақтану кезінде күндізгі рационды біркелкі немесе аз бөлетін екінші кешкі ас енгізіледі.

       55. Орташа тәуліктік өнімдер жиынтығы денсаулық сақтау ұйымдарында емдік диеталарды дайындау кезінде негіз болып табылады. Денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарды тамақтандыру нормалары "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен белгіленеді.

      56. Ас блогында жеті күндік жиынтық мәзірмен көзделген өнімдердің толық жиынтығы болмаған жағдайда, пайдаланылатын емдік рациондардың химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын сақтай отырып, бір өнімді басқасымен алмастыруға болады.

      57. Денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған әрбір тағамға тарату карточкасы жасалады (карточканың сыртына тағамды дайындау технологиясы жазылады).

      58. Денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтануға жалпы басшылықты емдеу бөлімінің басшысы немесе оның орынбасары, ал бөлімшелерде - бөлімше меңгерушілері жүзеге асырады.

       59. Көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануды қолдану жөніндегі барлық жұмысты үйлестіру үшін емдік тамақтандыруды ұйымдастырудың негізгі мәселелері бойынша іс-шараларды талқылайтын және белгілейтін емдік тамақтану жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылады. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе оның медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, диетолог-дәрігер (өзге де дәрігер-маман), гастроэнтерология (терапия), қарқынды терапия, хирургия, педиатрия бөлімшесі бөлімшелерінің меңгерушілері, диета жөніндегі мейіргер, өндіріс меңгерушісі (шеф-аспаз, аспаз) және мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

      60. Кеңестің міндеттеріне емдік тамақтануды жетілдіру, тамақ өнімдерінің орташа тәуліктік жиынтығын жасаудың сақталуын бақылау, емдік тамақтануды тиімді ұйымдастыруды құру, диеталық және энтералдық тамақтанудың жаңа технологияларын енгізу, осы ұйымда енгізуге жататын диеталар номенклатурасын, энтералдық тамақтануға арналған қоспаларды, перспективалық мәзірді, тағамдар картотекасын және энтералдық тамақтануға арналған қоспалар жиынтығын әзірлеу кіреді.

       61. Денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелер жүйелі түрде (жылына кемінде 2 рет) Кеңес отырыстарында тыңдалады және шешіледі.

      62. Денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануға тікелей ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты диетолог-дәрігер жүзеге асырады. Диетолог-дәрігердің лауазымы көзделмеген денсаулық сақтау ұйымдарында емдік тамақтануға басшылық жасау емдеуші дәрігерлердің біріне немесе диета жөніндегі мейіргерге жүктеледі.

       63. Аурухана асханасын басқару дәрігердің басшылығымен жұмыс істейтін диета жөніндегі мейіргерге жүктеледі. Диета жөніндегі мейіргердің функциясына ас үйдегі санитариялық-гигиеналық және технологиялық процесті бақылау, асүйге және қоймаға азық-түлік келіп түскен кезде олардың сапасын тексеру, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын, асүйден тамақты дұрыс шығаруды бақылау, буфеттерде тамақ таратуды ұйымдастыру, сондай-ақ ас блогының қызметкерлеріне профилактикалық медициналық қарап-тексеруді уақтылы жүргізілуін және алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдардың жұмысқа жіберілмеуін бақылау кіреді.

      64. Тамақты тікелей дайындау аға аспаз-бригадирдің басшылығымен жүргізіледі.

      65. Тамақ өнімдерін қазанға салу диетолог-дәрігердің (диета жөніндегі мейіргердің) қатысуымен жүргізіледі. Алдын ала тамақ өнімдері қоймадан (қоймадан) салмағы бойынша алынғанына қарамастан өлшенеді.

      66. Дайын тағамды бөлімшеге берер алдында бақылауды кезекші дәрігер және айына 1 рет – басшы (немесе оның емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары) жүргізеді, сондай-ақ кезекші дәрігер жүргізетін сынамаға қарамастан диетолог-дәрігер, диета жөніндегі мейіргер, өндіріс меңгерушісі (немесе шеф-аспаз) жүзеге асырады.

      67. Ас үйдің өндірістік персоналын оқыту жоспарына санитариялық минимум бойынша сабақтар кіреді.

      68. Денсаулық сақтау ұйымдарында тамақ дайындауға арналған тамақ өнімдері олардың сәйкестігін растайтын құжаттар (ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтамалар, сәйкестік туралы декларация, сәйкестік сертификаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) болған кезде қабылданады.

      69. Мыналарға:

      1) тамақ өнімдерін өндіру үшін салқындатылған құс етін, механикалық жолмен сүйектен сылынып алынған құс етін және құс етінен жасалған құрамында коллагені бар шикізатты қоспағанда, құс етін диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға пайдалануға;

      2) балалар тағамы үшін диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерін өндіру үшін құрамында ГТО және (немесе) ГТО-дан алынған компоненттер бар азық-түлік шикізатын пайдалануға жол берілмейді.

      70. Денсаулық сақтау ұйымдарының ас блоктарында:

      1) қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен денсаулық сақтау объектілері үшін қолданыстағы санитариялық қағидаларда көзделген ас блогының құрылғысы, санитариялық күтіп-ұстау және тамақ дайындау технологиясы бойынша талаптар;

      2) тамақ өнімдерін сақтау шарттары мен мерзімдері бойынша талаптар;

      3) ас блогы, тарату және буфет қызметкерлерін міндетті профилактикалық және медициналық тексеру туралы талаптар қатаң сақталады.

      71. Тамақ өнімдерін орталықтандырылған жеткізу болмаған кезде оларды тасымалдау үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді. Арнайы көлікті басқа мақсаттарға (киім-кешекті, жабдықты, науқастарды тасымалдау) пайдалануға жол берілмейді.

      72. Дайын тамақты ас блогынан буфет бөлімшелеріне тасымалдау үшін термостар, термос арбалар, мармит арбалар немесе тығыз жабылатын ыдыстар пайдаланылады.

   
© ALLROUNDER

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09